Сейсенбі күні Ауғанстанда болған жарылыста 18 адам мерт болған

Оңтүстіктегі Лашкарга қаласындағы Гельманд провинциясы губернаторының кеңсесінің жанындағы бұл жарылысты жанкешті жасаған болуы керек дейді полиция. Губернатор ол кезде кеңседе болмаған екен. Сондай-ақ Ауған астанасы Кабулда кеше бір италиян солдаты қаза тапқан.