Бүгін Қарағанды облысындағы Теміртау қаласында металургтер мен кеншілер ереуілге шықты

Бірнеше мың ереуілші өз жалақыларын 40 пайызға көтеруді талап еткен. Олар сондай-ақ, жаңа технологиялармен қамтып, жұмыс жағдайын жақсартуды талап етуде. Бұл жұмысшылардың бәрі әлемдегі ең ірі Миттал Стил-Арселор компаниясына қарасты.