Жак Ширак Түркияны өзінің “геноцид саясатын” мойындауға шақырды

ЕРЕВАН: Кеше Франция президенті Жак Ширак армяндардың діни басшысы ІІ-нші Карекинмен кездесуінен кейін Арменияға келген 2 күндік мемлекеттік сапарын аяқтады. Бұл сапардың басым бөлігі І-інші дүниежүзілік соғыс жылдарында түріктердің қолынан қырылған 100-деген мың армянды аза тұту шарасына арналды. Ж.Ширактың мәлімдеуінше, егер Түркия Еуроодаққа қабылдануды көздесе, онда бұл қырғынды “геноцид” деп мойындауға тиіс. Францияның Ұлттық жиналасы 2001-інші жылы бұл қырғынды “геноцид” деп мойындады.