Бүгін таңертең Ливан жерінен Израйльдің соңғы әскерилері шығарылды

Осы арқылы БҰҰ-ның 1701-ші қарары шарттарын орындағандықтарын Израйль тарапы мәлімдеді. Бұл қарар нәтижесінде бір айға созылған Израйльдің Хизбулламен соғысы тоқтатылған болатын. Оңтүстік Ливан қауіпсіздігі ендігі жерде Ливан үкіметінде, деді израйльдіктер.