Өткен аптада Грузия тарапы ресейлік төрт офицерді жансыздықта айыптап, тұтқындаған болатын. Путинді Грузияның жікшілдік бағыттағы басшыларына қолдау көрсетіп отыр, деп ресми Тблиси айыптап отыр. Сыртқы істер министрі Гела Бежуашвили журналистерге берген сұхбатында, Сочи қаласында Путин мырза Абхазия, Оңтүстік Осетия басшыларымен сенбі күні кездесті, деді. Бұл ақпаратты растаудан Кремль өкілі бас тартты.