32 жастағы жүк мәшинесін жүргізуші 3 қыз-баланы өлтіріп, 7-уін ауыр жаралады

ВАШИНГТОН: Кеше АҚШ-тың Пенсильвания штатындағы шағын ғана ауыл мектебіне қарулы қаскүнемнің жасаған шабуылы салдарынан 3 қыз-бала қыршын болып, тағы 7 қыз-бала ауыр жарақаттар алды. Шабуыл жасаған қаскүнем – 32 жастағы жүк мәшинесін жүргізуші ер кісі - өзіне өзі қол жұмсап өлді. Шабуылға ненің себеп болғаны белгісіз. Бұл қайғылы оқиға – христиан дінінің “Амиш” деп аталатын анабаптистер ағымының өкілдері тұратын қонысында болды. Олар ауыл-шаруашылығымен шұғылданып, бірақ техниканың жетістіктерін қолданбайтын көрінеді.