Ирақтағы күрдтерге бола түріктердің АҚШ-қа қарсы көңіл-күйі көтеріліп барады

ВАШИНГТОН: Кеше Вашингтонда президент Дж.Бушпен келіссөз өткізген Түркия премьер-министрі Реджеп Эрдоган өз елінде АҚШ-қа қарсы көңіл-күйдің өсіп келе жатқанын хабарлады. Оның айтуынша, мұндай көңіл-күйдің ең басты себебі – көрші Ирақтан күрд сепаратистерінің Түркияға өтуі болып отыр. Сол себепті де Эрдоган Вашингтонды Ирақтағы күрд сепаратистеріне қарсы шара қолдануға шақырды. Өз кезегінде Дж.Буш Түркияның Еуроодаққа қабылдану ұмтылысын қолдады.