Ресей президенті Путин бүгін солтүстік-батыс Қазақстандағы Орал қаласына келді

Өзара кездесу кезінде Қазақстан президенті Назарбаев:

– Қазақстан алғаш рет Ресей экономикасына үлкен қаржы инвестициясын енгізіп отыр. Сондай-ақ, Қазақстан Ресейдің Оренбург газ өңдеу зауытынан түрлі қажетті мүлік сатып алмақ, - деді.

Президент В.Путин өз әріптесі президент Н.Назарбаевпен бірге шекара аймағындағы облыс жетекшілерінің форумына қатысып, экономика саласындағы бірқатар келісімдерге қол қоймақ.