АҚШ сыртқы істер министі Кондолиза Райс бүгін Рамалла қаласында Палестина президенті Махмұд Аббаспен кездеспек. Кондолиза Райс Таяу Шығыс сапарында Израиль бас министрі Эхуд Өлмертпен де жүздеспек. Кондолиза Райс кеше Қайыр қаласында араб мемлекеттерінің басшыларымен кездесті. Олар Палестина-Израиль мәселесін талқылады.