Бұл өткен жылғы көрсеткіштен артық және тәуелсіздік жылдарындағы ең жоғарғы көрсеткіш. Бұл туралы Қазақстан президенті Назарбаев диқандарды егін жинау науқанының аяқталуымен құттықтау сөзінде хабарлады. «Енді осы астықпен тек елді қамтамасыз етіп қана қоймай экспортқа шығарылатын астық көлемін ұлғайтамыз», деді президент. Ал, кейбір диқандар экспорт түгіл елдің ішінде астық сатуға жағдай жасалмаған деген пікірде.
Президент Назарбаевтың айтуынша, көп астық жинауға Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстары үлкен үлес қосқан. Бұл облыстардың әрқайсысы 5 миллион тоннадан жинаған. Назарбаевтың айтуынша, соңғы жылдарда ауыл шаруашылығын дамытуға барлық қажетті жағдай жасалды. Бүгінгі нәтиже азық-түлік бағдарламасындағы жұмысымыздың шағылысы деді ол. Ресми мәлімет бойынша биыл дәнді дақылдармен 14 жарым миллион гектар егілген. Президент Назарбаевтың айтуынша, биылғы астық елді қамтамасыз етіп қана қоймай экспортқа шығарылады. Әзірге астық саудасымен Қазақстанда басқа да компаниялармен қатар азық-түлік корпорациясы айналысып келеді. Қазақстанның ауылшаруашылық министрлігінің егіншілік бөлімінің бастығы Сағынтай Жұмажановтың айтуынша, корпорация ұсынған биылғы баға жаман емес:
- Корпорация биылғы жылы әр тонна астықты 12350 теңгеге сатып алып жатыр. 100 доллардың әр жақ бер жағында. Сонда 15-17 доллар тасымалдауға, рәсімдеуге, құжаттарға кетеді. Сондықтан элеватордағы бағасы 100 доллар болып шығады шамамен. Ол жаман баға емес.
Кейбір диқандар болса мемлекет корпорация арқылы арзан бағаға астық сатып алып, шет елге қымбатқа сатып, ақша табады деген пікірлерін білдірген. Қостанай облысындағы «Қарабатыр» агрофирмасының директоры Жәзит Құдайқұловтың айтуынша, негізгі қиыншылық өнім өткізумен байланысты. Құдайқұлов 60 мың гектар жерге егін егеді. Бірақ, баға төмен болғандықтан атқарылған еңбек ақталмайлы, дейді ол:
- Бидай бағасы еккен құннан төмен.
Ал, корпорация мәліметі бойынша, Қазақстан астығы биыл негізінен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына сатылады. Өйткені онда сұраныс көп, ал шығын және бәсеке аз. Азық-түлік корпорациясының вице-президенті Абай Бисембаевтің айтуынша, ішкі базарда олар ақшаны бергенсоң оны қайтадан астықпен алғанды немесе ақшамен алғанды қалайды. Бірақ, ақшалай берсеңіз оған қосымша инфляция пайызын өтеу керек. Біз одан пайда таппаймыз, басты мақсат ақшаны сақтап қалу, дейді ол.
Ал, фермер әрі Қазақстан фермерлер одағының төрағасы Әуезхан Дариновтың айтуынша корпорация диқандарға көмек көрсетудің орнына кесірін тигізеді:
- Корпорация ешқашанда қымбат алған емес керісінше олар үкіметтің қолдауымен алғызбайды алам дейтін адамдарға. Мысалы Ресейден, Ауғаныстаннан келгендер 120 доллардан аламыз дейді ал корпорация келіп аналарды қуады, мафия бәрі.
Ауылшаруашылық министрлігінің егіншілік бөлімінің бастығы Сағынтай Жұмажанов бұл пікірді теріске шығарып отыр:
- Азық-түлік корпорацияда, үкіметте ешқандай біреудің сатам деген үлесіне қақымыз жоқ. Әр кім өз еркі, кімге береді зорлық жоқ.
Экономист Атамұрат Шаменнің айтуыншада, азық-түлік корпорациясы ұсынған ақшаны ерте беру жүйесі тиімді, бірақ баға мәселесі басқа әңгіме, дейді ол:
- Күзде сол келісілген бағамен сатып алып жатса меніңше дұрыс жол деп есептеймін. Әрине баға мәселесіне келгенде отырып келіссөз жасау керек.
Бұған дейін ауылшаруашылық министрлігі барлық астық 15-16 миллион тонна болады деп болжамдаған. Бірақ бұл жолы астық көлемі 18 миллон тонна болды, деді президент Назарабев. Ал, Қазақстанның ауылшаруашылық министрлігінің егіншілік бөлімінің бастығы Сағынтай Жұмажановтың айтуынша президент айтқан көрсеткіште комбайн бункерінен алынған астық есептелген. Ал оны тазалағанан кейін қамбаға құйылатын таза астық салмағы 15 жарым миллион тонна болады, дейді ол. Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан астық экспорты көлемі бойынша, әлемдегі бірінші ондыққа кіріп отыр. Қазір, республика 40-қа жуық елге бидайын сатып келеді.