Әзірбайжан билігін өткір сынға алуымен белгілі болған журналист Сакит Захидов 3 жыл түрмеде отыру жазасына кесілді. Оған есірткі қолданды деген айып тағылды. Захидовтың заңгері мен Шекарасыз журналистер ұйымының өкілдері бұл шешімді әділетсіз және саяси негізге құрылған, дейді. Бұл оқиға елдегі сөз бостандығына жасалып отырған қысымды дәлелдеуде, дейді халықаралық пікір.
“Азадлық” атты күнделікті газетте жарияланған сыни мақалаларымен белгілі болған журналист Сакит Захидовтен 10 грамм героин табылды деп полиция қызметкерлері оны маусымның 23-інде қамауға алған болатын. Сәрсенбі күні журналисті Баку соты 3 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды.
“Захидовтың кінасына байланысты сот ешқандай дәлел келтіре алмады. Әділ үкім шығарғанның орынына ол сот қоғамдық айыптаушының шешімін растаушы нотариустың ғана рөлін атқарды”, - деді Захидовтың қорғаушысы заңгер Вугар Хасиев.
Сот барысында журналист Захидов өзінің ешқашан есірткі қолданбағандығын, керісінше тұтқындау кезінде оның қалтасына есірткі затты полиция өкілінің салғандығын хабарлады.
Алғашқы кезде журналист Захидовқа “сату мақсатында көп көлемде есірткі сақтаған” деген айып тағылған еді. Дей тұрғанмен, сот үдерісі барысында прокурор ол айыптауды “есірткіні жеке өзі тұтыну үшін сақтаған” деп азайтты. Журналист әріптестерінің айтуынша, оның тұтқындалуынан үш күн бұрын, билік басындағы Иени Әзірбайжан партиясының атқарушы хатшысы Али Ахмедов ел билігіне Захидовтың үнін өшіруді сұрап, көпшілік көзінше өтініш жариялаған екен. Баспасөз бостандығы жөніндегі маусымның 20-сы күнгі сол пікірталас барысында Ахмедов:
“Үкімет пен парламент мүшелерінен ешкім де Захидовтың жаласынан аман қалған жоқ. Біреу бұған тоқтау салуы керек қой”, - деді.
Захидовтың есірткі қабылдаған, қабылдамағанын анықтайтын медициналық сараптаманы сот тіпті жүргізбеген екен.
“Мұндай жағдайда журналистің айыбын қалай дәлелдеуге болады?”, деген Захидов заңгерінің сауалына сот өкілдері “тұтқындау кезіндегі журналистің ашу-ызасынан білінді” деп жауап берген.
Еуропадағы қауіпсіздік пен ықпалдастық ұйымы және Нью-Йоркте орналасқан Журналистерді қорғау ұйымы Әзірбайжан билігінен Захидов ісінің әділ де ашық қаралуына кепілдік сұрауда.
“Біз мұны саяси тұтқындау деп есептейміз. Себебі, Сакит Захидовтың есірткіні қолданғанын немесе сатқанын растайтын айғақ әліге дейін ұсынылған жоқ. Президент Илхам Алиевті сынаған мақалалары және өлеңдерімен Захидов - Әзірбайжанда жақсы танымал. Демек мұның саяси тұтқындау екендігіне сенімдіміз және оған табанды түрде қарсымыз”, - деді Парижде орналасқан Шекарасыз журналистер ұйымының өкілі Елса Видал.