130 шақты грузин Ресейде заңсыз иммиграцияда жүрді деп айыпталды. Бірақ олардың кейбіреулері визаларымыз дұрыс дейді. Ресей мен Грузия арасында тыңшылық дауы болған соң Ресей үкіметі Грузия азаматтарына қарсы, Грузиямен байланысы бар компанияларға қарсы жаппай қудалау науқанын өткізіп жатыр. Ресей президенті Владимир Путин Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қайырылып, Грузия араңдату саясатын жасайды, Грузияны жөнге шақырыңыздар деді. Тбилисиден кеше 180 шақты орыс азаматы өз еріктерімен кетті.