Жапонияның БҰҰ-ндағы елшісі және Қауіпсіздік кеңесінің қазіргі президенті Кензо Ошиманың айтуынша, кореялық Баннан басқа үміткерлер бәсекеден бас тартқан. Сондықтан қазанның 9-ында БҰҰ басшылығына өтетін сайлау ресми дауыс беру десе болады. Осы орында он жыл қызмет істеген Кофи Аннан желтоқсанда хатшылықпен қоштасады.