Ирақтың солтүстігіндегі Тал Афар қаласында жасалған бомба шабуылынан бүгін 4 әскер және қатардағы 4 азамат қаза тапты

Искандар қаласындағы атысу кезінде екі кісі құрбан болды. Бағдадта секталық жанжал құрбаны болған екі адамның мәйіті табылды. Ирақтық бір азаматты ұрлап әкетіп өлтірген АҚШ-тық дәрігер сарбаз Мелсон Бакос айыпты деп табылды. Бірақ оның қарсы арызы нәтижесінде Бакос түрмеде бір жыл отыратын болды. Ирақтағы қылмысы үшін АҚШ-тық тағы да 7 сарбаз сотталмақ.