Теһран «ядролық бағдарламаға бола өзіне жаза қолданғанын қаламайды»

ТЕҺРАН: Иран халықаралық жаза қолдану (санкция) қатерін “ескіріп, тотығы жеткен қару” деп бағалайды. Жексенбі күні Иранның сыртқы істер министрлігінің өкілі Мохаммад Әли Хусеин: “Теһран мұндай қауіп-қатерге әбден үйренген, бірақ ядролық бағдарламаға бола өзіне жаза қолданғанын қаламайды” деп мәлімдеді. Өткен жұма күні БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі мен Германия Иранға жаза қолдану мүмкіндігін қарастыруға келісті.