ВАШИНГТОН: АҚШ президенті Дж.Буш Солтүстік Кореяның бүгін өткізген ядролық сынағын “арандатушылық актісі” деп бағалап, оған наразылығын білдірді. Бүгін Ақ үйде сөйлеген сөзінде Дж.Буш Қытайдың, Оңтүстік Кореяның, Ресейдің, Жапонияның және АҚШ-тың бірлесіп әрекеттенуге келіскендерін хабарлады. АҚШ президенті дәл осы сағатта ядролық сынаққа байланысты өзінің төтенше сессиясын өткізіп жатқан БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесін нақты шара қабылдауға шақырды. Пхеньянның сынақ өткізуіне деген наразылық толқыны өсіп барады. Ресей президенті В.Путин бұл сынақ “жойқын қаруды таратпауға жұмсалған әрекетке нұқсан келтірді” деп сипаттады.