Франция ұлттық ассамблеясы Осман империясы кезіндегі армян азаматтaрына жасалған геноцид жөнінде заңды қолдап дауыс берді

Франциядағы халықты қозғалыс одағынан Ерик Раул ассамблея алдына шығып:

- Халықты жоспарлы түрде жаппай қыру мұның геноцид екендігін көрсетеді, - деген.

Енді ол заң күшіне енсе, бірінші дүниежүзілік соғыс кезінде армяндарға қарсы жасалған геноцидтік қылмысты мойындамағандығы үшін 5 жылға бас бостандығынан айрылып, 45 мың еуро төлеуге мәжбүр болады. Ол құжатты енді Франция Сенаты мақұлдап, оған президент қол қоюы ғана қалды. Анқара болса егер ондай заң қабылданса Франция мен Түркия арасындағы байланысқа қатты зардабын тигізеді деп ескерткен.