Ирақтағы Британ әскерінің басшысы бұл елден өз әскерлерін әкету керектігін айтты

Британия армиясының басшысы өз күштерінің Ирақтан жақында шығарылатынын айтып, өздерінің бұл елде болуы қауіпсіздікті жағдайын қиындатып отырғанына тоқталды. Әскер басшысы генерал Ричард Дэннаттың бұл мәлімдемесі қоғамда түрлі-пікір тудырып, үкіметке қарсы сындар айтыла бастаған. Бірақ, Тони Блэйр үкіметі Ирақтағы Британ әскері БҰҰ-ның мандатына сәйкес, үкіметтің сұрауымен отырғанын айтқан.