Амнести Интернэшнл ұйымы Ресейдің Нижний Новгород қаласындағы соттың шешімімен “Ресей-Шешен достастық қоғамының жабылуын сынға алды. Жұма күні сот Шешенстандағы адам құқықтары жағдайына бақылау жасап келген Ресей-Шешен достастығы қоғамын жабу туралы қаулы шығарған. Құқық қорғаушы ұйым өкілінің сөзіне қарағанда, бұл қадам Шешенстандағы адам құқықтарының бұзылып жатқаны жайында ашық айтатын ұйымнан құтылу үшін жасалып отыр.