ЖАҢАЛЫҚТАР Ирақта тағы бір журналист шабуыл құрбаны болды 14 қазан 2006 жыл, 12:01 Ирақтағы үкіметтік теледидарда жұмыс істейтін журналист Раид ал Шаммари өз үйі алдында досымен сөйлесіп тұрғанда болған атысу кезінде қаза тапты. Ал Бағдадтағы телестансада одан бір күн бұрынғы шабуылда 11 адам оққа ұшқан болатын.