Ирақтағы шабуылдардан кемінде 70 адам құрбан болды

Бағдадтың шығысында орын алған жарылыстан кемінде 4 адам қаза тапты. Ирақ ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, бомба министрліктің жоғары лауазымды өкілі Хала Мохаммад Шакрдың көлігінің жанында жарылған, бірақ ол аман қалған. Жарылыстан, сондай-ақ, 6 кісі жарақат алған. Басқа да хабарларға қарағанда, күдікке ілінген шиит соғысушылары кеше 46 суннитті өлтірген. Ал жұма күні Балад қаласында 17 шииттің мәйіттері табылған болатын. Сонымен қатар, Киркук қаласында орын алған түрлі шабуылдардан 10 адам құрбан болған.