Ал, Ұлттық диалог мемлекеттік министрлігі болса, ұлттық татуласу конференциясы “төтенше жағдайларға” байланысты белгісіз мерзімге шегеріліп отыр, деп хабар таратты. Бұл конференцияда елдегі түрлі секталар мен этникалық топтар өкілдері басқосуы керек болатын. Аталған басқосу қазанның 21-іне жоспарланған еді. Бұған дейін де ол бірнеше рет кері шегерілген болатын.