Олай болмас үшін елдің қайта құру және даму ісіне уәде еткен көмектерін тез арада орындауы тиіс, деді НАТО-ның бастауындағы Ауғанстандағы күштердің басшысы. Британдық генерал-лейтенант Девид Ричардс өз күштерінің талибандықтарға қарсы табысты күресіп жатқандығын айта келіп, алайда қайта құруға көрсететін уәдесін әлем орындамаса, Ауған халқының біртіндеп шетелдік күштерге қарсы шығуы мүмкін екендігін айтты.