Қырғызстанда өзбек мәдени орталығының директоры оққа ұшты

«Азаттық» радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, Ош қаласында белгісіз қарулы адам өзбек мәдени орталығының директоры Айбек Алимжановты атып кеткен. Алимжанов, сондай-ақ, кәсіпкер және Ош қаласы кеңесінің мүшесі болған. Қырғызстан полициясы осы оқиғаға байланысты тергеу ісін бастады.