Өзбекстан түрмесінде жатқан адам хұқтарын қорғаушы Мотабар Тәжібаеваның туыстары оның денсаулығына байланысты алаңдаушылық білдіруде. Бұл туралы Интернеттегі тәуелсіз ақпарат парақшасы хабарлады. Тәжібаеваның қызы 44-жастағы анасының аштықтан денсаулығы нашарлап бара жатқанын айтқан. Ал Тәжібаеваның бауыры 8 жыл бас бостандығынан айырылған Мотабардың сыртпен хат-хабар алысуға мүмкіндігі жоқ деген. Мотабар Тәжібаева Ирландиядағы халықаралық конференцияға қатысу үшін дайындалып жатқан кезінде өткен жылы қамауға алынған болатын.