17 қазан күні Қарағанды облыстық экономикалық соты Жезқазған және Теміртау қалаларындағы қан қою орталықтарының жұмысын тоқтатты. Бұл жайында «Азаттық» радиосы тілшісіне Қарағанды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінен хабарлады. Мамандар бұған Шымкент қаласында ВИЧ дерті таралуы оқиғасынан кейін қан құю орталықтарында табылып отырған кемшіліктердің алғашқысы деп баға беріп отыр.
Екі қаладағы қан құю орталықтарының бір уақытта жабылуына Қарағанды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің сотқа берген шағымы себеп болған. Департаменттегілердің айтуынша, тексеру шаралары осы жылдың тамыз-қыркүйек айларында облыстағы көптеген медицина мекелерінде, соның ішінде 4 қан құю орталықтарында да жүргізілген. Осы департамент директорының міндетін атқарушы Рашиддин Сағытаевтың мәлімдеуінше, Теміртау мен Жезқазған қалаларындағы орталық жұмыстарының тоқтатылуына медицина жабдықтары мен ғимараттарының талапқа сай еместігі негіз болып отыр.
- Бүкіл қаланы құю жағдайынан айырып отырғанымыз жоқ. Қан құю жағдайы, қан беру жағдайы жүреді. Бірақ қан дайындау деген бар. Ол жүрмейді. Қан дайындау біздің Қарағандыда жүреді. Біздің талаптарымызды орындап бітпейінше, уақытша осылай болады,-деді Рашиддин Сағытаев.
Ал Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Морис Абдуллинның айтуынша, министрлік бірнеше рет жергілікті мекемелерді қан құю орталықтарының жұмыстарына көңіл аударуға шақырып, ескертулер жасаған.
- Теміртау мен Жезқазғандағы қан қою орталықтарының жабылуы тексеру шараларының салдары болды. Нақтырақ айтқанда, министр аз уақыт ішінде облыс департаменттеріне, барлық медицина бөлімі басшыларына орталықтарды медициналық талаптарға сай ету үшін шұғыл тапсырмалар берген болатын. Яғни орталықтар қазіргі заманға сай медициналық құрал-жабдықтармен қамтылуы тиіс болатын. Бұл қойылып отырған талаптардың ішіндегі ең бастысы, принципиальдысы. Сонымен қатар, қан қою орталықтары ғимараттарын ретке келтіру, қан қою орталықтарын білікті мамандармен қамтамасыз ету де жүктелінді,-деді Морис Абдуллин.
Сонымен қатар, денсаулық министрілінің баспасөз хатшысы Шымкенттегі ВИЧ вирусының таралу оқиғасы өзге медицина мекемелеріне үлкен өзгерістердің әкелетіндігін айтып, осы мақсатта облыстарға орасан қаржының бөлінетіндігіне тоқталды. Морис Абдуллин денсаулық сақтау министрлігі аймақтардағы 156 қан құю орталықтарының жұмыс істеу жағдайымен толық таныс еместігін де айтты. Ал Алматы қаласы қан орталығының директоры Дилявер Бекиров қан құю мәселесінің қазір елімізде өткір тұрғандығын айтып, бұл мәселеге биліктің сатықпен қарай бастағанын жеткізді.
- Қан қою орталықтарына билік тарапынан үлкен көңіл бөлініп отыр. Мысалы жақында ғана болған Алматы әкімшілігінің ұйымдастыруымен өткен үйлестіру комитетінде біздің орталық көп жылдан бері болмаған қолдауға ие артты. Шымкенттегі трагедиядан кейін билік қан құю мәселесіне жаңаша қарай бастады деп ойлаймын. Көп дерттердің осы қан құюдан болатынын түсінгендері болуы керек, - дейді Дилявер Бекиров.