Еурокомиссияның сыртқы байланыс және Еуросаясат жөніндегі комиссары Бенита Ферреро-Вальднер Қазақстанның Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету бастамасы мақтан тұтарлық, деп бағалайды. Ол бұл туралы қазанның 19-күні Астанада Қазақстан президентімен жабық есік жағдайында өткен бір сағаттық кездесуден кейін хабарлады. Бірақ, оның айтуынша, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ететін кез-келген мемлекет осы ұйымның барлық талаптарын бұлжытпай орындауға және азаматтардың барлық саяси және азаматтық құқықтарын сақтауы керек. Ал қазақстандық кейбір саясаткерлер Қазақстанда азаматтардың көп құқықтары сақталмай келе жатқанына назар аударады.
Шығыстанушы Бекқожа Жылқыбекұлының айтуынша, Қазақстанның экономикалық өрлеуі жақсы, бірақ кемшіліктер бар:
- Жалпы алғанда, Қазақстанның Орталық Азиядағы болашағы өте зор. Бірақ, қазір тек қана экономикалық өрлеу бар. Саяси реформа әлі жүрген жоқ. Ол бұрынғы Кеңес одағы кезіндегі көне үрдіспен келе жатыр. Сол себептен адам құқығы мәселесі аяққа тапталуда.
Ал, саясаткер Қажыбай Қабылфазыл, Қазақстан ұйымға төрағалық етуі екіталай деп санайды:
- Олар дипломат сияқты тура айта алмайды. Ал, менің пікірім: біздің елді ол ұйымның маңына жақындатуға болмайды. Жоқ бізде - сөз бостандығы да, адам құқығы да!
Саясаттанушы Болатхан Тайжан болса, ЕҚЫҰ-на төраға болу үшін Қазақстанға сөз бостандығы және еркін пікір айту бостандығы керек деген пікірде:
- Қазақстанда ондай жағдай мүлде жоқ, сіз өз пікіріңізді айтқанда жұмысыңыздан айырыласыз. Ұят жағынан келгенде ұйымға төраға болуға негіз жоқ.
Ал, бұған дейін елге келген ұйым төрағалары сынның сыртында Қазақстан басқа мемлекеттерге этникалық және ұлтаралық келісім үлгісі бола алады, деген пікірлерін білдірген еді. Биліктегілер болса ел тәуелсіздік алғалы, нарықтық экономика бағытындағы көптеген реформалар жасалғанын алға тартады. Саясаткер Дос Көшім, Қазақстан ұйымға төрағалық етуі мүмкін дейді:
- Қазақстанның Орталық Азия ішіндегі демократиялық деңгейі жоғары, бірақ, президент төрағалық ете алмайды дедім. Бірақ, өзімнің байқауымша, АҚШ-тың сол орынды бізге беруге, әсіресе, сол президентті төраға етуге оң көзқарасы бар сияқты.
Ал, Еурокомиссияның комиссары хабарлағандай, Еуроодақ Қазақстанға саяси реформаларды жүргізуге әрмен қарай қолғабыс тигізуге дайын. Енді президент Назарбаевты 2006 жылдың желтоқсан айында Брюссельде күтеді. Онда Қазақстан президентін Еуроодақ президенті қабылдайды. Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына қазір 55 мемлекет мүше. Ол ұйымның жұмысына қауіпсіздікті арттыру, қарулануды қадағалау, алдын алу дипломатиясы, адам құқықтары және экономикалық экологиялық қауіпсіздік кіреді.