Президент өз партиясының оппозицияға қосылу жөніндегі шешімін сынады. 2004 жылғы президенттік сайлауда Ющенко "Біздің Украина" партиясының жетекшісі ретінде жеңіске жеткен болатын. 17-қазан күні "Біздің Украинаның" парламенттегі фракциясының жетекшісі Роман Бессмертный партия оппозицияға кетеді деп мәлімдеген болатын. Ющенко партия өзінің шешімін қайта қарайды деп үміттенетіндігін және басшылықты алмастыру қажет екендігін айтты.