Бүгін Мажарстан халқы 1956-шы жылы орын алған Совет билігіне қарсы көтерілістің 50-жылдығын атап өтуде

Бұл шараға қатысу үшін Будапештке Федерация кеңесінің төрағасы Сергей Миронов жетекшілігіндегі Ресей делегациясы да келді. ИТАР-ТАСС ақпарат агенттігіне берген сұхбатында Миронов Мажарстандағы оқиғалар әлемнің “коммунизм мен демократияның экспортталуына мұқтаж емес екендігін көрсетті” деп мәлімдеді. Бұл пікірін Миронов АҚШ-тың Таяу Шығыстағы демократияны тарату әрекеттеріне байланысты айтқан көрінеді.