Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты мүшелері Иран бойынша әлі ортақ тіл таба алмады

НЬЮ-ЙОРК: БҰҰ-ынан келіп түскен ресми ақпарға қарағанда, дипломаттар Қауіпсіздік Кеңесінің Иранға ядролық бағдарламасы үшін жаза қолдану шарасы қарастырылған Қарарының жобасы бойынша әлемнің жетекші елдерінің әлі ортақ пікірге келе алмағанын хабарлаған. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, Иранның Бушер қаласында Ресейдің атом реакторын салып жатқаны Мәскеуден ол жобаны тоқтатуын талап еткен АҚШ-пен және Еуропаның бірқатар елімен арадағы келіссөздің басты дауы болып жатқан көрінеді. Бірақ бұл хабар ресми түрде расталған жоқ.