Өзінің жаңа стратегиясында АҚШ әкімшілігі Ирақ үкіметін жазалауды көздемейді

ВАШИНГТОН: АҚШ шенеунектерінің хабарлауынша, президент Дж.Буштың әкімшілігі Ирақ үкіметімен бірге Ирақтағы қауіпсіздік пен саясат саласындағы жетістіктерге жететін нақты мезгілдерді айқындау үстінде. Ақ үйдің аға кеңесшісі Дэн Бартлеттің ескертуінше, Ирақ үкіметінің қандайда бір жетістікке жетуі нақты бір межелі мерзімге байланбайды немесе өз мақсатына жете алмағаны үшін АҚШ әскерін шығару сияқты Ирақ үкіметін жазалау шарасы қарастырылмайды. Ақ үйдің ресми өкілі Тони Сноудың мәлімдеуінше, Ирақ халқы алдына ешқандай шарт – ультиматум қоймайды.