Бүгін Мажарстан астанасы Будапештегі үкіметке қарсы шеру өткізушілер мен полиция арасында орын алған қақтығыстан 130-дай адам жараланған. Бұл текетірес дүйсенбіден бүгін таңертеңге дейін жалғасқан Совет үкіметіне қарсы көтерілістің 50 жылдығын атап өту кезінде қатты шиеленіскен. Көтерілісшілер премьер министр Ференц Дюрчаниді сайлау алдында елдің экономикалық ахуалы туралы өтірік айтқаны үшін орнынан кетуін талап еткен.