АҚШ президентінің қауіпсіздік мәселелері бойынша ұлттық кеңесшісі Ирақ үкіметі елде қауіпсіздікті орнату үшін тезірек әрекет жасауы керек деп мәлімдеді. Стефен Хадлейдің айтуынша, Ирақ билігі елдегі сектанттық негіздегі шабуылдарды тоқтату мақсатында жұмыс атқара бастаған. Ал оның алдында АҚШ елшісі Залмай Халилзад Ирақ басшылары саяси және қауіпсіздік мақсаттарына жетуі үшін көбірек жұмыс жасауы керек деп мәлімдеген болатын. Хабарларға қарағанда, соңғы тәулікте Анбар провинциясы мен Бағдадта 4 АҚШ әскері қаза тапқан.