Ресей президенті Владимир Путин биліктегі екінші мерзімі аяқталғанда саяси ықпалын сақтап қалатынына сенетінін айтты. Бұл туралы Путин Ресей азаматтырының сұрақтарына тікелей эфирден жауап беріп жатқанында мәлімдеді. Путин, сондай-ақ, Грузияны Оңтүстік Осетия мен Абхазиядағы жанжалды әскери әрекет арқылы шешпекші деп айыптады.