Бейсенбі күні жарық көрген басылымдар 24-қазан күні Астанада өткен Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12-сессиясында көтерілген мәселелер жайында материалдар жарияланған. Сондай-ақ, тәуелсіз апталық газеттерде қоғам қайраткері, саясаткер Заманбек Нұрқаділовтың дүниеден озғанына бір жыл толуына орай естелік мақалалар басылыпты.
«Тасжарған» газеті Қазақстан халықтары Ассамблеясының 12-сессиясында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстандағы мемлекеттік тілдің жағдайы мүшкіл екенін мойындағанын жазады. Сондай-ақ, қазақ тілі мәселесін Президент Ассамблеяның алдында неге көтерді деген сұрақ қояды. «Ресми Астана тәуелсіздіктің 15 жылдығын тойлауға дайындалып жатқанда, қазақ тілін тұтынатын еңбеккер ауыл халқының күлуге де шамалары жоқ. Мүмкін билік осыдан қорықты ма, пирамидадағы мемлекеттік тілдің көсегесін көгертейік деген әңгіме той алдында қазақ тілділерге мәмпәси ұстата тұрайық деген пиғылдың көрінісі емес пе?», - деген сауал тастайды «Тасжарған» басылымы.
«Известия Казахстан» газеті де Қазақтан халықтары Ассамблеясының 12 сессиясында көтерілген мәселелердің ішінде тілге қатысты айтылған, Президент Назарбаевтың бастамаларына ерекше назар аударады. «Қазақ және орыс тілдерін білу Қазақстандағы тұрақтылық пен ұлттар арасындағы өзара сыйластыққа септігін тигізеді. Ал қазақ тілін білу, ту, елтаңба, әнұран секілді мемлекеттік белгілерді білу сияқты жалпыға ортақ құбылыс болуы тиіс», - деген Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысын келтіреді, «Известия Казахстан» басылымы.
«Комсомольская правда Казахстан» газеті, 24 қазан күні өткен сол жиында сөз болған латын ғарпіне көшу мәселесі туралы жазады. Басылымның болжамынша, кириллицадан бірден латын әрпіне көшу таяу арада жүзеге аса қоймауы мүмкін. «Өйткені, әліпбиді көшіру өте күрделі үрдіс, ал соңғы онжылдықта бұл бағытта жан-жақты жұмыс жүргізілген жоқ. Сондықтан, латын мен кириллица әліпбилері біршама уақыт қатар қолданылуы да мүмкін» деп жазады басылым. «Комсомольская правда Казахстан» газетінің дерегінше, ТМД-дағы түркі мемлекеттерінің арасында, кириллицаны тек Қырғызстан мен Қазақстанда ғана қолданады.
«Тасжарған» басылымында жарық көрген, Заманбек Нұрқаділов туралы естелік мақалада, оның саясаттағы өршіл мінезі сипатталады. «Онымен жұмыс істеу билік үшін де, оппозиция үшін де оңай болмады. Оның прогрессивтік рөлі де сонда: үнемі жоғары талап қоятын. Биліктің ережелеріне бағынғысы келмеген ол, бір топтың ойыншысы ретінде, оппозицияға да толығымен араласып кете алмады. Өз алдына жеке және тәуелсіз қимылдауға тырысты. Бірақ қазір, жалғыз-батырлардың заманы емес», - деп жазады «Тасжарған» газеті.
«Свобода слова» басылымы, Заманбек Нұрқаділовтің қазасы, Қазақстандағы тұңғыш «саяси астары бар кісі өлімі» болды деп жазады. Ал, газетке сұхбат берген, Нұрқаділовтер отбасының қорғаушысы Серікқали Мусиннің айтуынша, «өзіне өзі қол жұмсады» деген негізде тоқтатылған қылмыстық істі қайта жандандыру үшін жұмыстар жүргізілуде. «Ол үшін, сот Мақпал Жүнісованы куәгер ретінде емес, жәбірленуші деп тануы тиіс. Сонда ғана, қылмыстық істің материалдарымен танысып, тергеу барысында қандай заңсыздықтар болғанын анықтауға мүмкіндік туады. Өйткені, бұл істің көлеңкелі тұстары көп. Адам өзі-өзіне үш оқ атуы мүмкін бе?», - дейді, қорғаушы Серікқали Мусин, «Свобода слова» газетіне берген сұхбатында. Айта кететін бір жайт, 27 қазан күні, Заманбек Нұрқаділовтің өмірден озғанына бір жыл толуына орай, саясаткер өмірінің соңғы жылдары жұмыс істеген Алматыдағы үйінде марқұмның мұражайы ашылады.