Аталған сыйлық Европа одағының адам хұқтары үшін күрес жолындағы ең жоғары наградасы. Европарламенттің шешімінде Миленкевичтің наурыз айында Беларуста өткен президенттік сайлауда демократияны дамытуға кандидат ретінде қосқан үлесі зор деп атап өтілген. Сол кезде Евродақ бұл сайлауды демократиялық үлгіде болған жоқ деп сынға алған-ды. Миленкевич сайлаудан кейін шерулер өткізгені үшін тұтқындалып, 15 тәулікке қамалған болатын.