Еуропалық парламент өткен жылы Әндіжандағы халықты күшпен басып тастаған оқиғаға байланысты Өзбекстанға салынған барлық санкцияларды тағы 12 айға созу керек дегенді қабылдамады. Бейсенбі күні қабылданған қарарда Еуро парламент Ташкентке салынған қару жарақ сатуға тыйым салу және әскери тасымалдау санкциялары қалуы керек, ал Өзбек ресмилеріне виза беруге тыйым салуды алып тастау керек делінген.