Бүгін Ауғаныстандағы НАТО күштері хабарлағандай, халықаралық күштердің осы аптадағы Талибан жасақтарын нысанаға алған шабуылдарда 70 адам қаза тапқан. Дегенмен, НАТО онда қанша бейбіт тұрғынның құрбан болғаны әлі анық емес деп отыр. Жұма күні НАТО 12 бейбіт тұрғынның ол шабуылдарда көз жұмғанын растаған. Жергілікті ресмилер НАТО күштерінің бұл шабуылдары көптеген бейбіт азаматтың өмірін қиды деп отыр.