Болгарияда бүгін президенттік сайлаудың екінші айналымы

Қазіргі президент Георгий Парванов бірінші турда 64 пайыз дауыс жинаған, бірақ дауыс беруге келген сайлаушылардың саны қажет мөлшерден аз болды. Георгий Парвановқа радикал бағыттағы, антидемократиялық бағыттағы "Аттак" партиясының басшысы Волен Сидеров бәсеке құрып отыр. Сайлауды президент Георгий Парванов оңай жеңеді делінеді. Болгарияда президенттің өкілеттігі шектеулі, ол негізінен церемониялық қызмет атқарады.