Иран Сыртқы істер министрі Манучехр Моттаки Сирия астанасында “Хамас” және “Ислам Жихады” деп аталатын Палестиналық топтардың өкілдерімен кездесті. Ал сенбі күні Дамаскіде Моттаки Сирия президенті Башар әл-Ассадпен кездесіп, екі ел арасындағы ынтымақтастық және Ирақ мәселелерін талқылады. Оның алдында АҚШ президенті Джордж Буш Иран мен Сирияны Ирақ пен Ливандағы тұрақсыздықты қолдайды деп айыптаған болатын.