Басра қаласындағы қарулы адамдар 17 полиция нұсқаушысы мен екі аудармашыны өлтірді. Бағдадта үкімет көлігіне шабуыл жасалды, оның салдарынан премьер-министр Нури Әл-Маликидің оққағары жарақат алды. Шабуыл барысында көліктің ішінде премьер-министрдің өзі болмаған. Сонымен қатар Бағдадта полиция қызметкерлері Ирақтың мемлекеттік телеарнасында жұмыс істеген танымал бағдарлама жүргізушісінің мәйітін тапқан.