Ресейде нәсілшілдікке қарсы наразылық шарасы өтті

Санкт Петербургта 300-ге жуық адам нәсілшілдік пен ксенофобияға қарсы шеру өткізді. Наразылық танытушылар қолдарына скинхедтер бойынша сарапшы болған марқұм Николай Гиренко мен қастандықтан қаза тапқан журналист Анна Политковскаяның суреттерін алып шықты.