Нигерияда аза тұту күндері жарияланды

Нигерияның жолаушы ұшағы ел астанасы Абуджада әуеге көтеріліп апатқа ұшырады. Нәтижесінде 103 адам қаза тапты. Боран соғып тұрған кезде құлаған Боинг-737 ұшағы елдің солтүстігіндегі Сокото қаласына аттанған болатын. Дәрігерлердің айтуынша, апаттан 7 адам аман қалған. Ал қаза болғандардың арасында Нигериядағы 60 миллион мұсылманның рухани көсемі Ибрахим Мухаммаду Маккидо болған. Елде аза тұту күндері жарияланды.