Бұрынғы Совет республикаларындағы халықтар ашығуда

НЬЮ-ЙОРК: Өткен 10 жылда халықаралық қауымдастықтың атқарған ауқымды іс-шараларына қарамастан, бүкіл дүние жүзінде 100-деген млн. халық әлі де ашығу үстінде. БҰҰ-ының азық-түлік мен ауыл-шаруашылығы бойынша жаңа баяндамасында осындай қорытынды жасалған. Баяндамаға сәйкес, мұндай проблема Ресей аймақтарында, Орта Азия мен Кавказ мемлекеттерінде және бұрынғы Совет Одағының басқа республикаларында сақталып отыр.