Ресейдің қазіргі қорғаныс министрі 2008-інші жылғы президент сайлауына түспек ниеті жоғын мәлімдеді

ОСЛО: Ресейдің вице-премьері-қорғаныс министрі Сергей Иванов 2008-інші жылғы президент сайлауына түсуді әлі “ойламайтынын” мәлімдеді. Норвегияға сапары кезінде журналистердің сұрақтарына жауап бере келіп С.Иванов өзінің, қорғаныс министрі ретінде, “қарулы күштерді жетілдіруге бағытталған күрделі міндеттерінің барлығын” атап көрсетті. Ресейдің және шетелдердің баспасөз құралдарында С.Иванов 2008-інші жылы Ресей президентінің лауазымында В.Путиннің мұрагері болуы мүмкін санаулы саясаткердің бірі ретінде аталып келеді.