Бүгін түнде Израил әскерлерінің Газа секторындағы шабуылдары жалғасты

Онда алты палестиндік пен бір израил солдаты қаза тауып, 25 адам жарақат алды. Израил жаяу әскерлері танктердің қолдауымен Газа секторының солтүстігіндегі Бейіт-ханум қаласын бақылауға алып, аурухананы қоршап, қалаға кіретін жолдарға тосқауыл қойды. Израил әскерлерінің өкілі бұл Газа аймағында жүргізілген басты операциилар деп айтқан.