МӘСКЕУ: Ресейдің сыртқы істер министрі С.Лавров Иранға қатысты Қарардың Еуропа Одағы ұсынған жобасын Мәскеу қолдамайды деп мәлімдеді. Оның атап көрсетуінше, құжатта Иранға қарсы жаза қолдану шарасы қарастырылған, ондай жаза Иранды халықаралық қоғамнан бөліп оқшау қалдырады. Ресей, деп мәлімдеді С.Лавров, Иранның ядролық бағдарламасы төңірегіндегі дағдарысты шешу үшін онымен арадағы келіссөзді жалғастыра беруды талап етеді. Осы күні БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесі уран шикізатын байыту жұмыстарын тоқтатудан бас тартқан Иранға жаза қолдану туралы Қарардың жобасын талдау үстінде.