Атышулы британдық сайқымазақ Бораттың Қазақстанның келбетін кемсіткен даулы фильмімен Канн, Торонто, Лондон қалаларының көрермендері танысты, енді ол АҚШ-та 3-қарашада көрсетілгелі отыр.
Борат деген кім? Ол британдық комик Саша Коэннің ойынан шығарған қазақстандық жалған тележурналист, оның Қазақстанды келемеж еткен телешоуларын әлемнің ағылшын тілді бөлігінде түгел біледі десе болады.
Бораттың қалай болса солай киініп алып, нашар ағылшыншасымен Қазақстанды кемсіткен, әжуалаған, сайқымазақ мінезін шектен шыққандық деп бағалауға болады. Сайқымазақтың фильмі "Америка мәдениетін Қазақстанның ұлы халқының игілігі үшін тану" деп аталады.
Онда Борат Американы аралай жүріп түрлі адамдармен кездейсоқ кездесулер өткізеді. Қазақстан билігі британдық сайқымзақтың бұл фильмі анайы, намысқа тиетін, бүкіл бір елді жәбірлейтін дүние десе, кино сыншылары Бораттың Америкаға жүргізген бұл ұлы зерттеуі американдықтардың өздерінің астамшыл, оқшаулану көзқарастарын көрсетеді деген пікір айтады.
Сонымен фильмде басты рольде Борат Сағдиев болып ойнайтын британдық комик Саша Барон Коэн Қазақстан деген елде ешқашан болып көрген емес. Және ол сұхбат алған американдықтардың басым көпшілігі де Қазақстанның қай жердегі ел екендігінен де мүлде хабарлары жоқ, ол туралы өмірлерінде ешнәрсе естіп-білмеген.
Осы хабарды дайындау барысында «Азаттық» радиосының тілшісі Манхеттеннің көшелерінде бейресми сауалнама жүргізіп, Нью-Йорк тұрғындарының Қазақстан жөніндегі білім-таным деңгейлерін байқап көрген еді.
- Қазақстан? Бұл Ресейден ары бір жерде шығар, мен бұдан артық ештеңе білмеймін.
- Ең болмаса оның қаншалықты үлкен екендігін айта аласыз ба?
- Оны білмеймін, шынында мен сізге көмектесе алмаймын.
- Сіз Қазақстан туралы не білесіз?
- Жаман ешнәрсе естіген емеспін.
- Ал жақсы дейтіндей не білесіз?
- Мен сізге ол жөнінде айтқым келмейді, мен асығыс едім.
- Жақсы, рахмет.
- Көп біліңкіремеймін.
- Нақты не білесіз?
- Ол стандардың бірі ғой, Мәселен Түркістан, Қаз...
- Бірақ сіз ең болмаса ол елдің қай жерде орналасқанын айта аласыз ба?
- Шығыс Европада шығар.
Бораттың фильміндегі қазақтар туралы сахналар Румынияның артта қалған алыс бір ауылдарында түсірілген. Ондағы тым жадау-жүдеу тұрмыстық көріністерді батыстықтар Қазақстанмен байланыстырады.
Бораттың фильмінде Қазақстан тұрғындары аттың зәрін ішеді, еврейлерді қудалау мейрамына қатысады, адам сүтінен сыр, ірімшік жасайды, міне осы сияқты ақылға симайтын жайттар айтылады.
Бораттың фильміндегілердің ешқайсысы да әжуадан, кемсітуден аман қалмайды, американдықтардың өзі күлкі, келемеж нысанына айналған.
Борат Америкада орта деңгейдегі көптеген адамдармен сөйлесіп, оларды киноға түсіп жатырсыздар деп емес, сіздерден шындығында қазақстандық журналист сұхбат алып жүр деп алдайды.
Бұл кейбіреулерді қайран қалдырса, енді бірде түсініксіз қызық жағдайлар орын алады. Бір көріністе Борат мүйізді ірі қаралардың родео ойынына шақырылады, ол микрофонды жұлып алып, Американы келемеждей отырып, мадақтап, мақтай жөнеледі.
"Сіздердің әскербасыларыңыз Буш терроршы әйел мен еркекті, балаларды өлтіріп, олардың қанын іше алады", - деп әндете айқайлайды.
Енді бір көріністе Борат дастархан басында отырғандардың бәрін де жәбірлеп, мазақ етеді.
Борат фильмінің жарнамасы былай болып келеді:
- Менің атым Борат, мен жалпы Қазақстан деп сөйлеймін, менің үкіметім мені фильм жасау үшін АҚШ-қа жіберді, өтінем, көріңіздер.
Қыркүйек айында Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың АҚШ-қа сапары кезінде Борат Вашингтондағы Қазақстан елшілігі жанына барып, елшіліктің баспсасөз-хатшысы Роман Василенкодан сұхбат алмақшы болып, оны "өзбек бұзақысы" деп атаған.
Бұл Бораттың көпшілік алдындағы тағы бір бұзық реңдегі қалжыңсымағы еді. Василенко «Азаттық» радиосына берген сұхбатында «әу баста Қазақ үкіметі Бораттың Қазақстан туралы бұрмалау қылықтарына намыстанып, оған қатты ашуланған да болатын. Бірақ енді олар Борат шын мәнінде Қазақстанды келемеждеп отырған жоқ деп, оған жайбарақат қарай бастады» дейді.
Десек те Қазақстан өзінің шет жердегі, сырттағы келбетін қолдап көрсететін жарнамаларға қаржыны аяп қалған жоқ. АҚШ және Британия басылымдары Қазақстанның қандай қуатты, дамыған ел екендігі туралы көптеген көлемді мақалалар жариялады.
Н.Назарбаевтың күйеу баласы, Сыртқы істер министрінің орынбасары Рахат Әлиев Боратты Қазақстанға да шақырды. Ал алматылық студенттер болса, Борат жасап жүрген Қазақстанның бұрмаланған келбеті жайында түрлі пікірлерін білдіреді.
Сонымен бұл фильмге байланысты қазақстандықтар Борат өзінің осындай көрсетілімдері мен мінез-құлқы арқылы қазақ елін, оның тұрғындарын мазақтап, кемсітіп, жәбірлеп отыр деп біледі.
Мұнда бірақ Борат кез келген елді келемеждеп отырған сияқты көрініп тұрғанымен, олар Борат Қазақстанды сайқымазақ алаңына айналдырды дейді. Ұлттың сезіміне тиіп тұрғанын айтады.
Василенко екінші жағынан Бораттың фильмі американдық көрермендерге жақсы тұрғыдан да әсер етер деп үміттенеді.
- Біздің үмітіміз, бұл фильмнен кейін шын мәніндегі Қазақстан қандай деген тұрғыдағы қызығушылық арта түсер деп ойлаймыз.
- Бораттың сөз болып отырған бұл фильмі Қазақстанда көпшілік назарына ұсынылып, көрсетіле ме?
- Әрине бұл Қазақстандағы жекеменшік фильм компанияларының қалай шешкеніне байланысты және оған Мәдениет министрлігі қандай да бір кедергі жасап, қарсы болады деп ойламаймын, - дейді Василенко.