ГАМБУРГ: Өзін Американы саяхаттап жүрген “қазақ журналисімін” деп көрсететін британдық сайқымазақ Саша Барон Коэннің “Борат” фильмі АҚШ пен Еуропаның адам құқын қорғайтын ұйымдарының наразылығын туғызып отыр. Сығандарға қарсы көзқарастарды зерттейтін Еуропалық орталық Коэнді сығандарды қудалауға шақырды деп айыптап, Гамбург қаласының прокуратурасына шағым жолдады. «Борат» фильмі Германияның экрандарына кеше шығуға тиіс болатын, ал АҚШ-та бүгін көрсетіле бастайды.