Шекарасыз репортерлер ұйымы Анна Политковскаяның өліміне халықаралық тергеу-тексеріс жүргізілуіне шақырды

Ресей журналисі Анна Политковская өткен айда қастандықпен өлтірілген. Ресей Бас прокуратурасы журналистің өлтірілуінің бірнеше себебі болуы мүмкін деп мәлімдеген. Европа одағы Ресейден бұл істің толыққанды зерттелуін талап етуде.